Выбор пользователей
Первый букмекер
Лучшие коэффициенты
Выбор редакции

Головкиннің соққыға шыдамдылығының сыры белгілі болды

Головкиннің соққыға шыдамдылығының сыры белгілі болды

 «Лаборатория бокса» youtube-арнасы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің күшті қасиеттерінің бірі туралы айтты.  

— Головкин — соққыны өте жақсы қабылдайтын шыдамды боксшының жарқын мысалы. Бұл оған қанмен берілген болуы мүмкін. Алайда,  бұған психология да әсер етеді — ол да өте жақсы көмектеседі.Сонымен қатар аяқта дұрыс тұру да маңызды. Неге, айталық, мексикалықтар соққыны жақсы қабылдайды? Себебі, оларда табиғи іріктелу бар — әлсіздері шығып, күштілері сүзіледі. Сенің иегің жабық болса және ол төменгі позицияда тұрса — саған бағытталған соққылардың көп бөлігі тайып кетіп дұрыс тимейді. Головкин көру қабілетін дамытып жатыр: ол өзіне бағытталған барлық соққыларды көреді және қауіпті сәттерде көзін жұмбайды. Ол соққыны көре алғанның арқасында оны қабылдауға дайын болады, қорықпайды. Бұл да көмегін береді. Сондықтан бұл жерде боксшының соққыны көтере алуы бірнеше факторлардың үйлесімділігінің арқасы дер едім, — дейді арнаның авторы.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Поделиться:

Рейтинг: 0