Геннадий Головкин алдағы жоспарларымен бөлісті

Ернар Ламкадыров
25.11.2021
15:55
Новость
Единоборства

Орта салмақтағы қазақстандық чемпион Геннадий Головкин Yahoo! Japan тілшісіне 29 желтоқсан күні өтетін Риота Муратамен айқасынан кейінгі жоспарымен бөлісіп, спорттағы мансабын аяқтаған соң не істейтінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

- Әрине, қазір сіз Риота Муратамен болатын жекпе-жекке дайындық үстіндесіз. Дегенмен осы айқастан кейін қандай да бір жоспарларыңыз бар ма?

- Менің қалауым – Отаныма оралып, Жаңа жылды жақындарыммен қарсы алу. Муратамен болатын жекпе-жектің маңызы соншалық, қазір одан басқа ештеңе ойлай алмаймын.

- Келесі жылы сіз 40 жасқа келесіз. Зейнетке шыққаннан кейін немен айналысатыныңыз туралы ойландыңыз ба?

- Мен әлі күнге дейін кәсіби боксшымын, сол себепті әзірге бұл сұраққа жауап беруге дайын емеспін. Мен үшін бұл жаңа бастама болады деп ойлаймын. «40-та өмір енді басталады» дейді ғой. Сол сияқты менің жұмысым көп болады. Бәрінен бұрын, отбасыммен уақыт өткіземін. Отағасы ретінде менің алаңдайтын күндерім әлі алда.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!