Гайаналық боксшыны жеңген Айдос Ербосынұлы әлемдік рейтингтегі позициясын жақсартты

Ернар Ламкадыров
15.09.2021
10:02
Новость

Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) Нұр-Сұлтан қаласында «Көшпенділер шайқасында» гайаналық Леннокс Алленді (22-2-1, 14 КО) мерзімінен бұрын жеңгеннен кейін супер орта салмақта Boxrec.com сайтының рейтингінде жоғары көтерілді, деп хабарлайды Sports.kz сайты.

Айдос Ербосынұлы оныншы раундта нокаутпен жеңіп, 32-орыннан 31-орынға көтерілді. Сондай-ақ жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жекке үміткер болды.

Еске сала кетейік, бұл титулдың иегері мексикалық боксшы – Сауль «Канело» Альварес (56-1-2, 38 КО).

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!