Гандболдан Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы бақ сынайды

Ернар Ламкадыров
14.09.2021
14:35
Новость
Гандбол

Гандболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионаты 15-25 қыркүйек аралығында Иорданияда өтеді.

11 құраманың қатарында «А» тобында орналасқан Қазақстан құрамасы да бар. Қазақстан құрамасы өз тобында Оңтүстік Корея (қазіргі чемпиондар), Гонконг, Сингапур және Өзбекстан командаларымен күш сынасады.

Айта кетейік, Қазақстан мен Сингапур құрамалары ертең Азия чемпионатының ашылу матчында кездеседі.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!