Футзалдан Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының ойыншылары белгілі болды

Маргулан Жакып
21.07.2021
16:01
Новость
Футбол

Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака оқу-жаттығу жиынына шақырту алған ойыншылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚФФ.

Жаттығуыдың алғашқы кезеңі 9 тамыз күні Алматыда басталады. Жиынға 17 ойыншы шақырылды. Нақты тізімге енетін ойыншылардың саны – 16.

ФИФА Литвада өтетін әлем чемпионатының финалдық тізіміне енетін ойыншылардың санын ұлғайтты. Енді әр ұлттық құрама 16 ойыншы алып барады. Оның үшеуі қақпашы болуы шарт. Матч тізіміне тіркелетіндердің саны өзгеріссіз қалды – 14 ойыншы (алғашқы бестік пен қосалқы тоғыз ойыншы).

Әлем чемпионаты 12 қыркүйек пен 3 қазан аралығында өтеді. Қазақстанның топтық кезеңдегі қарсыластары – Литва, Коста-Рика және Венесуэла.

Футзалдан Қазақстан құрамасы:

Негізгі құрам:

Қақпашылар: Игита, Нарун Серіков (екеуі де - «Қайрат»), Рауан Атантаев («Атырау»);

Алаңдағы ойыншылар: Тайнан («Эль-Посо», Испания), Дуглас, Дәурен Нұрғожин, Шыңғыс Есенаманов, Альберт Ақбалықов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов (барлығы - «Қайрат»), Азат Валиуллин («Ухта», Ресей), Арнольд Кнауб, Нұрбек Қарағұлов (екеуі де - «Ақтөбе»), Болат Сарбасов, Жомарт Тоқаев (екеуі де - «Атырау»), Төрехан Досов («Бәйтерек»), Ақеділ Мадияров («Липецк», Ресей);

Қосалқы тізім:

Қақпашылар: Нұрәлем Байдулла («Нұр-Сұлтан»), Ақжол Қайратұлы («Каспий»);

Алаңдағы ойыншылар: Нұрсұлтан Пиялы («Қайрат»), Ерсұлтан Сағындықов («Бәйтерек»), Қайрат Иманалин («Ақтөбе»), Владислав Черномордов («Липецк», Ресей), Расул Карбаев («Нұр-Сұлтан»), Ринат Төреғазин («Аят»), Виктор Клинов («Бәйтерек»);

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.