ҚФФ бас хатшысы Қазақстанның футзалдан ӘЧ-ның ширек финалына шығуына қатысты пікір білдірді

Маргулан Жакып
24.09.2021
14:41
Новость
Другие

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтхожин футзалдан Қазақстан құрамасының Таиландты жеңіп (7:0), Әлем чемпионатының ширек финалына шығуына қатысты пікір білдірді.

«Қазақстан – бұл үлкен отбасы! Бүгін футзалдан ұлттық құрамамыз Әлем чемпионатының ширек финалына шықты! Осыған дейін плэй-офф сатысына шығып көргенбіз. Енді міне тарихымызды жаңартып жер жаһанның үздік 8 командасының қатарына кірдік. Себебі командамыз нағыз бір отбасының балалары секілді жұмылып, жұдырық болды. 

Қазақстанның намысы сынға түскен кезде жігіттер қасық қаны қалғанша шайқасуға дайын екенін көрсетті. Бұл қазақтың бойында бұрыннан бар қасиет емес пе? 

Ұлттық рух көтеріліп, намыстың қылышы қайраулы тұрғанда біреуден сескенуге құлықты емеспіз. Футзалдағы құрама күллі Қазақстанды қуантты. Ендігі ойындар одан сайын қиындай береді. 

Бірақ жігіттер жанкүйерлердің қолдауын сезінсе алаңға құр шыға салмасы анық. Осындай шақта Қазақ елі бірігіп, командамыз үшін тілеулес болайық!!! Алға Қазақстан!», – деп жазды Айтхожин мырза инстаграм парақшасында.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!