Евсеев елордадағы турнир жұптық сынының алғашқы айналымынан аса алмады

Маргулан Жакып
21.07.2021
19:41
Новость
Теннис

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев елордада өтіп жатқан Zhanibek Challenger 80 турнирі жұптық сынының алғашқы айналымынан аса алмады.

1 сағатқа да жетпейтін 51 минутқа созылған кездесуде Евсеев пен ресейлік Артем Дубривный төрт қос қателікке жол беріп, бірде-бір брейкпойнтты пайдаларына жазбай, қазақстандық пен украиналық жұпқа есе жіберді.

Денис Евсеев/Артем Дубривный (Қазақстан/Ресей) – Алексей Крутых/ Григорий Ломакин (Украина/Қазақстан) – 0:2 (3:6, 2:6)

Ломакин мен Крутых ширек финалда қазақстандықтар Даниил Озерной мен Достанбек Ташбулатов жұбымен кім мықтыны анықтайды.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.