
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Аделаидадағы WTA 500 турнирінің екінші айналымына өтті.
Отандасымыз алғашқы айналымда неміс теннисшісі Лаура Зигемундтан айласын асырды.
Бір сағат 47 минутқа созылған кездесу Юлияның пайдасына 6:4, 6:4 есебімен аяқталды.
Путинцева матч барысында 1 эйс, 4 брейк-пойнт жасады және доп беру кезінде қателік жібермеді. Ал қарсыласы 2 эйс, 3 қосарланған қателік пен 2 брейк жасады.
Ширек финалға жолдама үшін қазақстандық теннисші Австралия теннисшісі Сторм Сэндерспен шеберлік байқасады.
Айта кетейік, Австралияның оңтүстігінде өтіп жатқан турнир 27-ші ақпанға дейін жалғасады.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.