ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Еңбекқор, тәртіпті жігіт». Сергей Семак Нұралы Әліп жайлы пікір білдірді

«Зениттің» бас бапкері Сергей Семак Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп туралы пікір білдірді, деп хабарлайды «Чемпионат» басылымы.

— Неліктен Әліпті жиынға шақыруды ұйғардыңыз?

— Біз оны көптен бері бақылап жүрміз. Ол жас ойыншы, ал лимит жағынан легионер саналмайтын ойыншыларды алу керек. Қазір бізде үш орталық қорғаушы бар, оған қоса Даниил Хотулев те осы позицияда ойнайды. Әліптің келуі қорғаныс шебіндегі бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік береді. Егер бәрі ойдағыдай болып, Әліп командада қалса, біз Хотулевті ойын практикасы үшін жалға береміз.

— Бұл болашаққа арналған стратегиялық жоспар деп айта аламыз ба? Өйткені, Әліптің деңгейі РПЛ-ға сәйкес келуі екіталай.

— Сіз төлқұжат мәселесін жақсы түсінесіз. Егер біз команданы күшейту үшін РПЛ-дағы ойыншыны алғымыз келсе, көп ақша жұмсауға тура келеді. Осыған байланысты клуб үлкен шығынға батқысы келмейді. Сондықтан әлеуеті бар ойыншыларға көңіл бөлеміз. Оның қолынан келе ме, жоқ па, тексеріп көруіміз қажет.

— Ол туралы алғашқы әсеріңіз қандай?

— Еңбекқор, тәртіпті жігіт. Сондықтан оң әсер қалдырды. Бірақ біз демалыстан енді ғана оралдық, әзірге қорытынды шығару қиын.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!