
Дзюдодан Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер арасындағы аса ауыр салмақта сынға түскен Камила Берлікаш бесінші орын алды деп хабарлайды Olympic.kz.
Отандық спортшы 78 келіден жоғары салмақта бақ сынаған болатын.
Қола жүлде үшін өткен белдесуде Камила Оңтүстік Корея балуанына жол берді. Айта кетелік, Камила жұбаныш белдесуінде қырғызстандық спортшыны жеңген еді. Құрлық додасын Берлікаш бесінші орынмен аяқтап отыр.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.