Выбор пользователей
Первый букмекер
Лучшие коэффициенты
Выбор редакции

ДЗЮДОДАН Азия чемпионаты: Ислам Бозбаев жартылай финалға шыға алмады

Бішкекте дзюдодан Азия чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.  

Жекелей бәсекенің соңғы жарыс күнінде татамиге шыққан Ислам Бозбаев ширек финалда қарсыласына жол берді. 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен ол тәжікстандық Комроншах Истопироннан ұтылып қалды. Енді отандасымызға жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік берілді. Оның кезекті қарсыласы қырғызстандық Ерлан Шеров болмақ. 

Айта кетерлігі, жарыстың үшінші күнінде ерлер 90, 100 келіге дейінгі және 100 келіден жоғары салмақта, ал әйелдер 78 келіге дейінгі және 78 келіден жоғары салмақ дәрежелерінде өзара мықтыны анықтайды.

Читайте Metaratings , чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Теги: