Дмитрий Попко «Beeline Open Challenger 80 Almaty» турнирінің жартылай финалына жолдама алды

Наурызбай Сатжанов
11.06.2021
17:04
Новость
Теннис
Дмитрий Попко «Beeline Open Challenger 80 Almaty» турнирінің жартылай финалына жолдама алды

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко «Beeline Open Challenger 80 Almaty» турнирінің ширек финалында словак теннисшісі Андрей Мартинді 2:0 есебімен тізе бүктірді. 

1 сағат 43 минутта ақталған матчта, Попко мүмкін болған төрт брейк-пойнттың екеуін өз пайдасына шешті, бір эйс жасады және доп беру кезінде үш рет қосарланған қателік жіберді.

Дмитрий Попко (Қазақстан) — Андрей Мартин (Слоавкия) — 2:0 (7:5, 6:3)

«Қорытынды есеп ойынды толық сипаттамайды, матч қиын болды. Қарсыласым топырақта жақсы ойнайды. 2019 жылы Италиядағы «Челленджерде» ол мені ұтып кеткен, сондықтан бүгін менде оны жеңуге деген қосымша құлшыныс болды. Өте мықты қарсыласпен болған ойында келген өте жақсы жеңіс», — деді Попко ойыннан кейінгі ҚТФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында. 

Дмитрий жартылай финалда бельгиялық Зизу Бергспен шеберлік сынасады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.