Дмитрий Попко Алматыдағы Челленджердің ширек финалына айналымына шықты

Наурызбай Сатжанов
10.06.2021
17:38
Новость
Теннис
Дмитрий Попко Алматыдағы Челленджердің ширек финалына айналымына шықты

Әлемнің 195-ракеткасы Дмитрий Попко Beeline Open Challenger 80 Almaty турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Осы доданың 6-ракеткасы болып тіркелген Д.Попко екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 338-орында тұрған 19 жастағы румыниялық Филип Жиянумен шеберлік байқасты. Қазақстандық теннисші бірінші партияны брейкпен бітірді – 7:5. Д.Попко екінші сетті де брейкпен бастады – 2:0. Ақыры осы басымдылықты сақтап қала алды – 6:3. 

Дмитрий Попко (Қазақстан) – Филип Жияну (Румыния) – 2:1 (7:5, 6:3)

Біршама тартысты өткен бәсеке 1 сағат 53 минутқа созылды. Д.Попко жартылай финалға шығу үшін әлемнің 108-інші, осы жарыстың 1-ракеткасы, словакиялық Андрей Мартинмен таласады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.