Дмитрий Мирошниченко – Премьер-лигада 200 ойын

Наурызбай Сатжанов
03/05/2021
15:16
Новость
Футбол
Дмитрий Мирошниченко – Премьер-лигада 200 ойын

«Тобыл» ФК 29 жасар қорғаушысы Дмитрий Мирошниченко «Таразға» қарсы өткен кездесуде Қазақстан Премьер-лигасындағы өзінің 200-матчын өткізді.

Дмитрий Мирошниченко жоғарғы лигадағы өзінің алғашқы матчын «Ақтөбе» сапында 2011 жылдың 19 маусымында Талдықорған қаласында өткен «Жетісумен» (2:3) болған ойында өткізді. Ол алаңға қосалқы құрамнан Мақсат Құрмашевты алмастырып қосылды. «Ақтөбе» құрамынжа 70 матчқа қатысып 4 гол соққан. Қостанайлық «Тобылдың» сапында бүгінгі таңла алтыншы маусымын өткізуде. Бұл ұжыммен алаңға 130 рет шығып 5 рет мергендігімен танылған.

Дмитрий Премьер-лигада жалпы саны 200 матч өткізіп 9 голдың авторы атанған.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.