Денис Никиша: «Жанкүйерлердің қолдауы маған қанат бітіреді»

Ернар Ламкадыров
25.11.2021
19:31
Новость
Другие

22 қараша күні Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті «Altyn Samǵaý-2021» Ұлттық спорттық жүлдесінің басталғанын хабарлады. Осы орайда, үміткерлер қатарына шорт-трекші Денис Никиша да енді.  

Денис Никиша «Қысқы спорт түрлері бойынша үздік спортшы» аталымына ұсынылып отыр. 

«Мені Қазақстанның үздіктері қатарына қосқаны үшін алғысым шексіз. Өте қуаныштымын! Қазақстандықтардың қолдауы маған үлкен қуат береді.  Осыдан соң еліміздің қоржынын тағы да жүлдемен толтыра берсем деген мақсат пайда болады.

Командама үлкен рахмет, өйткені, бұл команданың жетістігі. Маған үнемі қолдау көрсеткендеріңіз үшін рахмет»,  - деді Никиша. 

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!