Денис Евсеев Испаниядағы турнирдің ширек финалына өтті

Ернар Ламкадыров
13.10.2021
19:57
Новость
Теннис

Қазақстандық Денис Евсеев Испаниядағы Аликанте челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 406-орында тұрған Евсеев екінші айналымда әлемнің 224-ракеткасы, өзбекстандық Денис Истоминмен күш сынасты.

Бірінші партияда өзбекстандық теннисші 3:0 есебімен алға кеткенімен, Евсеев оны қуып жетіп қана қоймай, сәтті бітірді – 7:5. Екінші сетте де брейк жасаған Евсеев 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта Евсеев 14 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Қарсыласы 1 брейкпен шектелді.

Евсеев жартылай финалға шығу үшін әлемнің 138-інші, осы жарыстың 3-ракеткасы, германиялық Оскар Оттемен таласады. 

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!