Данияр Елеусінов IBF рейтингінде үздік он боксшының қатарынан шығып қалды

Ернар Ламкадыров
15.09.2021
18:57
Новость

Бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) Халықаралық бокс федерациясының (IBF) жаңартылған рейтингінде үздік он боксшының қатарынан шығып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Бұған дейін тізімде тоғызыншы сатыда тұрған Данияр Елеусінов жаңартылған рейтингте 14-орынға түсіп қалды. Жартылай орта салмақтағы тізімнің көшбасында өзбекстандық Кудратилло Абдукахоров тұрса, екінші орынға америкалық Шон Портер жайғасқан. Үздік үштікті филиппиндік Мэнни Пакьяо түйіндеп тұр. Ал қазіргі уақытта IBF чемпиондық белбеуінің иегері америкалық Эррол Спенс. 

30 жастағы Елеусінов өзінің соңғы кездесуін өткен жылы өткізіп, әлемнің бұрынғы чемпионы Джулиус Индонгоны  (23-4, 12 КО) жеңді. Енді ол келесі кездесуін қазан айында өткізуі мүмкін. 

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!