Данилина Чехиядағы турнирдің жартылай финалына шыға алмады

Маргулан Жакып
24.09.2021
18:06
Новость
Теннис

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Чехияда өтіп жатқан J&T Banka Ostrava Open WTA 500 турнирі жұптық сынының ширек финалында сүрінді.

Беларусьтік Лидия Морозова мен Данилина 1 сағат 13 минутқа жалғасқан кездесуде бір эйс жасап, мүмкін болған алты брейкпойнттың екеуін іске асырып, жартылай финалға шыға алмады.

Анна Данилина / Лидия Морозова (Қазақстан / Беларусь) – Саня Мирза / Шуай Чжан (Үндістан / Қытай) – 1:2 (3:6, 6:3, 6:10)

Осылайша Данилина мен Морозова жалпы жүлде қоры 565 530 долларды құрайтын турнирдегі жорықтарын ширек финалдан аяқтады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!