«Буревестник» Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды

Ернар Ламкадыров
13.10.2021
20:46
Новость
Волейбол

Накхонратчасимдегі (Таиланд) «Terminal 21 Hall» спорт кешенінде волейболдан ерлер арасындағы Азия чемпионатының бесінші ойын күні аяқталды.

Азия біріншілігінде Қазақстан атынан елдің қазіргі чемпионы алматылық «Буревестник» қатысуда, ол жеребе қорытындысы бойынша Тайланд, Шри-Ланка, Ирак және Кувейт командаларымен бірге А тобына енді. Чемпионатта 10 клуб бақ сынауда.

Топтық кезеңнің соңғы ойын күнінде Александр Запеваловтың шәкірттері Кувейттің «Kazma Sport Club» командасын 3:0 (25-17, 25-20, 25-22) есебімен жеңді.

Осылайша, «Буревестник» Азия біріншілігінің жартылай финалына «А» тобынан бірінші орынмен шықты - алматылық клубтың еншісінде үш жеңіс және бір жеңіліс бар.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!