Бублик Мадридтегі АТР турнирінің келесі айналымына шықты

Наурызбай Сатжанов
04/05/2021
20:38
Новость
Теннис
Бублик Мадридтегі АТР турнирінің келесі айналымына шықты

Қазақстандық теннисші Александр Бублик (44) Мадридте өтіпм жатқан АТР сериясы турнирінің жекелей сынында әлемнің 14-ракеткасы канадалық Денис Шаповаловты жеңді.

Осылайша, Бублик аталған турнирдің 1/8 финалына жолдама алды. Отандасымыз жүлде қоры 2,6 млн еуродан асатын доданың ширек финалына шығу үшін әлемнің 9-ракеткасы, аргентиналық Диего Шварцман немесе рейтингте 27-сатыда тұрған ресейлік Аслан Карацевтің біреуімен шеберлік байқасады.

АТР турнирі, Мадрид. 1/16 финал

Александр Бублик (Қазақстан) — Денис Шаповалов (Канада) — 2:1 (6:4, 5:7, 6:4)

2 сағат 22 минутқа созылған тартысты кездесуде Александр 10 эйс жасады, доп беру кезінде жеті рет қос қателікке жол берді және 6 брейк-пойнттың төртеуін өз пайдасына шешті. Шаповалов матч барысында 7 эйс жасап, доп беруде 14 рет қателесті және 11 брейк-пойнт жасады. 

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.