Бублик канадалық теннисшімен кездеседі

Наурызбай Сатжанов
04/05/2021
11:38
Новость
Теннис
Бублик канадалық теннисшімен кездеседі

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бубликтің Испания астанасы Мадридте өтіп жатқан АТР 1000 челленджер сериясы турнирінде ойнайтын келесі қарсыласы белгілі болды.

Аталған турнирдің 1/16 финалдық кезеңінде Бублик канадалық Денис Шаповаловпен күш сынасады. Бұған дейңн екі спортшы бір рет кездесіп, жеңіске Александр жеткен болатын. Бұл жолы отандасымыз жеңісті сериясын жалғастыра ма, әлде Шапалов қарымта қайтара ма, оны кездесуден кейін білетін боламыз.

Матч 4 мамыр күні Нұр-Сұлтан уақытымен 17:40-та өтеді деп жоспарланған.

Естеріңізге сала кетсек, Александр Бублик турнирдің бірінші айналымында Венгрия теннисшісі Мартон Фучовичті жеңген болатын.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.