Выбор пользователей
Первый букмекер
Лучшие коэффициенты
Выбор редакции

Бублик Испаниядағы доданың жұптық сынында алғашқы кезеңнен аса алмады

Маргулан Жакып
07/04/2021
17:17
Новость
Теннис

Испанияда өтіп жатқан Andalucia Open ATP 250 додасының жұптық сынында өнер көрсеткен қазақстандық теннисші Александр Бублик алғашқы айналымда сүрінді.

Британиялық Доминик Инглот пен Бублик жұбы 1 сағат 8 минутқа жалғасқан кездесуде үш эйс жасап, бес рет қос қателікке жол беріп, екі мәрте брейкпойнт жасап, швециялық Андре Горанссо мен америкалық Николос Монро жұбына 1:2 есебімен есе жіберді.

Осылайша Бублик жұптық сындағы қатарынан алтынша кездесуінде жеңілістің ащы дәмін татты.

Александр Бублик (Қазақстан), Доминик Инглот (Ұлыбритания) – Андре Горанссо (Швеция), Николос Монро (АҚШ) – 1:2 (3:6, 6:1, 10:12).

Читайте Metaratings , чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.