Боксшы Махмұд Сабырханға Шымкенттен пәтер берілді

Ернар Ламкадыров
25.11.2021
13:48
Новость
Единоборства

Бүгін әлем чемпионатының күміс жүлдегері Махмұд Сабырханға Шымкент қаласынан пәтер берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Былғары қолғап шеберіне қала әкімдігі мен бокс федерациясы бірлесіп «Стандарт» тұрғын үй кешенінен 1 бөлмелі пәтер берілді.


Кездесуге Шымкент қаласы бокс федерациясының төрағасы Асқар Тұрысбеков қатысты.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жас боксшының әлемдік аренада алдағы уақытта да үлкен жеңістерге жететіне сенімді екенін айтты.

Еске салсақ, Белградта өткен әлем чемпионатында бокстан Қазақстан ерлер құрамасы жалпы командалық есепте екінші орынға тұрақтады. Теміртас Жүсіпов пен Сәкен Бибосынов әлем чемпиондары атанса, Махмұд Сабырхан мен Серік Теміржанов күміс жүлдеге, Абылайхан Жүсіпов қола жүлдеге ие болды.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!