«Біз дайынбыз». Стас Покатилов «Омониямен» болатын матч туралы

Ернар Ламкадыров
15.09.2021
21:00
Новость
Футбол

«Қайрат» қақпашысы Стас Покатилов Конференция лигасының топтық кезеңінің бірінші турында кипрлік «Омонияға» қарсы өтетін матч туралы пікір білдірді.

- Еурокубок аясында өтетін матч қарсаңында команда өзін қалай сезінуде?

- Бізде белгілі бір толқу бар, бірақ біз дайынбыз. Бұл әр ойыншы үшін, әсіресе «Қайрат» үшін мереке - бұл еурододаның топтық кезеңіндегі алғашқы тәжірибе болғалы тұр. Біз жанкүйерлердің бұл ойынға қатысатынына қуаныштымыз. Бұл біз үшін жақсы көмек болады.

- «Ордабасымен» болған ойындағы жеңіліс командаға қалай әсер етті. Бұл ертеңгі ойынға қаншалықты әсер етеді?

- Қиын болды. Бұл чемпиондық үшін күрес тұрғысынан маңызды ойын болды. Әр матчқа ерекше көзқараспен шығу қажет. Біз бұл жеңілісті ұмытып та кеттік.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!