Биатлоннан Қазақстан бас бапкері құрамадағы қиындық жайлы тілге тиек етті

Биатлоннан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мақсат Шаранов Olympic.kz тілшісіне сұхбат беріп, команданың қазіргі жағдайына қатысты пікір білдірді.

«Швецияның Эстерсунд қаласында өткен Әлем кубогінің алғашқы кезеңі бізге қиындау соқты. Өйткені қараша айында командадағы спортшылардың көпшілігі сырқаттанып қалған болатын. Сондықтан алғашқы нәтиже көңіл көншіткен жоқ. Бірақ уақыт өте келе көрсеткішіміз жақсара бастады. Әрине, биатлондағы 40-шы орын жанкүйерлер үшін ең соңғы орынмен бірдей шығар. Бірақ біздегі қарқынмен осы нәтижеге де қанағат етеміз. Себебі биатлонда бәсекелестік өте жоғары. Мәселен, өзге спорт түрлерінде эстафетаға әрі кетсе 12 команда қатысуы мүмкін, ал бізде 25, 27 комада бақ сынайды. Топтық жарысқа 160-170 биатлоншы қатысады. Олардың арасында алғашқы қырық спортшының ішіне кіру – біз үшін мәртебе. Алайда, оны көпшілік түсіне бермейді», — дейді бас бапкер. 

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!

Девушки в спорте

На данном сайте используются файлы cookie
Это обеспечивает клиентам персонализированный доступ и повышает результативность от посещения ресурса, позволяя нам наиболее эффективно оказывать услуги. Пользуясь веб-сайтом и принимаяусловия настоящей политики, вы даете согласие на использование файлов cookie в соответствии с условиями настоящей политики.