
«Тараздың» жаңа ойыншысы Берік Шайыхов клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында командаға ауысуы және кімдермен бұрыннан таныс екендігін айтты.
– Берік, «Тараздың» ұсынысы сізді несімен қызықтырды?
– Өйткені, клубта ойыншылар үшін жақсы жағдай жасалған – жаттығуға да матчқа да дайындалатын жабдықтардың барлығы бар. Сонымен қатар, команданың күресуге деген құлшынысы және құрамында сапалы ойыншылардың бар болуы. Тағы бір шешуші фактор – бас бапкер Вардан Минасянның болуы, ол кісі Армения құрамасындағы жетістіктерімен танымал.
– «Тараз» туралы не білесіз?
– Бірнеше ғасырлық қалада қалыптасқан футболдық дәстүрлері бар клуб екендігін білемін. Мұнда техникалық тұрғыда әдемі футбол бар, бұл жерден көптеген атақты футболшлар мен бапкерлер шыққан.
– Жаңа командада бұрыннан танитын адамдарың бар ма?
– Иә,көп ойыншыларды білемін. Мысалға, Әлішер Сүлеймен жастар құрамасынан таныспыз. Елдос Ахметовпен және Бауыржан Байтанамен жақсы араласамын. Осындай жігіттермен бір командада ойнайтыныма өте қуаныштымын!
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.