Белгілі қазақстандық боксшы Фьюри — Усик жекпе-жегінде кімге жақтасқанын айтты

Маргулан Жакып
14.10.2021
12:17
Новость
Единоборства

Қазақстандық былғары қолғап шебері Нұртас Әжбенов (11-1, КО 4) рингтегі келесі кездесуін желтоқсан айында өткізеді. Бұл күндері оңтүстік астанада жаттығып жатқан боксшы дайындығы жайлы және Тайсон Фьюри мен Александр Усик айқасы турасында Vesti.kz тілшісіне пікірімен бөлісті.

— Нұртас, келесі жекпе-жегіңіз Мәскеуде болады деген ақпарат бар. Қарсыласыңыз белгілі болды ма? 

— Қазіргі таңда Алматыда оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатырмын. Дайындықтың жартысы Ресей астанасында болады. Сол жақта спарринг қарсыластармен жұмыс істейтін боламын. Алдағы қарсыласым әлі анықталмады. Жақын күндері белгілі болады. Жалпы кіммен шығатынымды іштей біліп тұрмын. Бірақ жуырда ресми ақпарат аласызар.

— Жақында Тайсон Фьюридің әкесі ұлының кезекті жеңісінен кейін ендігі қарсыласы тек Александр Усик болу керек. Себебі украиналықтан басқа мықты спортшыны көріп тұрған жоқпын деп еді...

— Тайсон Фьюри (31-0-1, КО 22) мен Деонтей Уайлдер (42-2-1, КО 41) арасындағы кездесу керемет өтті. Нағыз алыптар айқасы болды. Шынымды айтсам мұндай жекпе-жекті көптен бері көрмеп едім. Енді келесі қарсыласы Усик деп жатыр екен. Алдымен украиналық пен Джошуа реванш өткізуі керек. Екеуінің қай жеңгені Фьюримен рингте жолдары түйіседі деп ойлаймын. Өз басым Александр Усиктің жеңгенін қалаймын.  

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!