Белбеулерді біріктіретін бәсеке. Головкин келесі жекпе-жегіне қатысты бір шешімге келді

Наурызбай Сатжанов
22.07.2021
10:05
Новость
Единоборства

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) 2021 жылғы жекпе-жектерге қатысты бір шешімге келді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Инсайдер Дэн Рафаэльдің мәліметінше, GGG рингке тек желтоқсанда оралады. Бұл кезде ол WBA Super титулына ие жапониялық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) белбеулер біріктіретін айқас өткізеді. Бұл кездесу шамамен 28 желтоқсан Сайтамадағы (Жапония) Saitama Super Arena стадионында болады. 

Бастапқыда боксшылар тамыз-қыркүйекте аралық жекпе-жектер өткізіп алмақ болған, алайда, кейін бұл ойдан айынп қалғанға ұқсайды. Басты себеп - титул біріктіретін айқасқа бөгет болуы мүмкін жарақат алып қалмау.

Әзірге Головкин - Мурата жекпе-жегі келіссөздер деңгейінде. 

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.