Выбор пользователей
Первый букмекер
Лучшие коэффициенты
Выбор редакции

Батыр менеджерін ауыстырды

Батыр менеджерін ауыстырды

Бірінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевтың (18-0, 14 КО) командасында өзреістер орын алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

PSSpecial01 мәліметіне сүйенсек, жеңіліс көрмеген қазақстандықтың алдағы уақыттағы менеджері Рик Мириджан болады. Қазіргі таңда ол WBC және WBO чемпионы Хосе Карлос Рамирес пен жас дарын Верджил Ортистің ісін жүргізеді. Сонымен қатар, қазақ нокаутшысын Мэнни Роблес жаттықтыратын болады. Бұған дейін ол маман ауыр салмақта бұрынғы әлем чемпионы Энди Руистің бапкері болған. 

Батыр соңғы жекпе-жегін 2020 жылдың қаңтарында өткізіп, мексикалық Рикарду Лараны (22-8, 10 КО) нокаутқа түсірген. Жүкембаев WBA Continental Americas және IBF Inter-Continental титулдарының иегері. Барлық жекпе-жегін Канадада өткізген. Жақында ғана боксшы АҚШ-қа қоныс аударғанын айтқан болатын.  

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Поделиться:

Рейтинг: 0