ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Батыр: «АҚШ-та атой салуға дайынмын!»

Батыр: «АҚШ-та атой салуға дайынмын!»

Бірінші жартылай орта салмақ бойынша жеңіліс көрмеген қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (18-0, 14 КО) vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында өзінің АҚШ-қа қоныс аударуы мен мансабындағы жаңа кезеңдері туралы айтып берді.

- Батыр, АҚШ-қа қалай жеттіңіз? Қандай жаңалығыңыз бар?

- Жақсы жеттім. Әзірше жаңа елге бой үйретіп жатырмын. Осы жерге бейімделіп, жаттығатын боламын. Алда болатын жекпе-жекке қызу дайындықты жақын күндері бастап кетпекпіз.

- Instagram-да бұл сіздің мансабыңыздағы жаңа деңгей екенін айттыңыз. Толығырақ айтып бересіз бе?

- Иә, бұл мен үшін мақсаттарымның орындалуы үшін бір саты жоғарылауға ұмтылу. АҚШ - әлемдік кәсіпқой бокстың орталығы. Өз бабымда тұрғанда осында көшкеніме және жұмысқа кіріскеніме өте қуаныштымын. Командамдағы өзгерістер жайында жақын арада білетін боласыздар.

- Сіз АҚШ-қа көшу жайлы көп айтатынсыз, біз сіздің жоспарыңыздың орындалғанына шын қуаныштымыз. Енді сенде жаңа ресурстар бар, чемпиондық жолда өзіңе қойған жаңа «шақыруларың» бар шығар?

- Иә! Әр боксшы өзінің потенциалын талдай білуі және даму жолын дер кезінде сезе білуі керек екендігін әрдайым айтамын. Ешкім бір күнде чемпион бола алмайды. Алла жазса, тек қана алға ұмтыламыз. Мен өнер көрсететін дивизионда қазір нағыз айқастар болып жатыр. Бәсекелестік өте жоғары.

- Сіздің сөзіңізден түсінгеніміз, команда құрамыңызда біраз өзгерістер болатын секілді... Ал сіздің қарсыластарыңыз мен жекпке-жектің болатын күні белгілі ме?

- Менің командамдағы жаңалықтар мен оның жаңа стратегиялары жайында жақында жариялаймыз. Жекпе-жек жайлы да өз уақытында білесіздер. Бір нәрсені анық айта аламын, мен әрқашан жоғарғы дәрежеде жұдырықтасуға ұмтылып келем. Біз осы бағытта тоқтамай жұмыс жасаймыз. Қолдауларыңызға рахмет!

Жүкембаев соңғы рет рингке 2020 жылдың қаңтар айында шыққан, ол кезде Батыр Монреальдағы бокс кешінде мексикалық Рикардо Лараны (22-8, 10 КО)нокаутпен ұтқан болатын. Қазақстандықтың қоржынында бірінші жартылай орта салмақтағы WBA Continental Americas және IBF Inter-Continental титулдары бар. Ол бұған дейіннгі барлық кездесулерін Канадада өткізген.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!