«Барыс» шабуылшысы: «Әр ойыншы үзіліс кезінде, «айнаға қарап», өз әрекетін ой елегінен өткізуі керек»

Ернар Ламкадыров
15.09.2021
19:19
Новость
Хоккей

«Барыс» шабуылшысы Якоб Берглунд ЦСКА-мен (6:3) болған матч туралы пікір білдірді:

- Біз алғашқы кезеңді нашар өткіздік. Қарсылас жақсы ойнады, екі гол соқты. Біздің жігіттер екі мәрте қақпа бағанын дәл көздеді. Бірақ ойынға күш қосқанымыз жақсы болды. Екінші және үшінші кезеңде біз мүлдем басқа хоккей ойнадық. Біз өз мүмкіндігімізді пайдаланып, жеңіске жеттік. Бұл біз үшін жақсы нәтиже.

- Ойынның бұлай өрбуіне не себеп?

- Бапкерлер бізден не қалайтынын айтты. Меніңше, әр ойыншы үзіліс кезінде, «айнаға қарап», өз әрекетін ой елегінен өткізуі керек. Екінші және үшінші кезеңге басқа команда ретінде шықтық.

- «Барыс» сапында соққан алғашқы голыңыз туралы не айтасыз?

- Гол соғу әрқашан жағымды әсер сыйлайды, әсіресе мұндай маңызды ойындарда. Менің голым командаға есепті теңестіруге көмектескеніне қуаныштымын, содан кейін біз гол соғуды жалғастырдық. Ең бастысы, біз жеңдік.

- Келесі ойында Риганың «Динамосымен» ойнайсыздар. Бұл кездесуден не күтуге болады?

- Әрине, бұл тағы бір қиын матч болады. Біз бұл ойынды басқаша бастауымыз керек. Егер бірінші кезең бүгінгідей болса, бізге ойынға қайта оралу қиынырақ болады. Сондықтан, біз алғашқы минуттардан бастап жоспарды ұстануымыз керек, сонда бәрі жақсы болады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!