«Барыс» ҚХЛ-де қатарынан екінші ойында жеңіліс тапты

Маргулан Жакып
14.10.2021
09:28
Новость
Хоккей

Елордалық «Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасының сырт алаңдағы кезекті матчында омскілік «Авангардқа» есе жіберді.

«Барыс» «Авангардтан» 4:1 есебімен ұтылып, ҚХЛ-де қатарынан екінші ойында жеңіліс тапты. Осының алдында «Ак Барсқа» 3:6 есебімен тізе бүккен еді.

Астаналықтар келесі кездесуін 15 қазан күні тағы да сырт алаңда бейжіңдік «Куньлунь Ред Старға» қарсы өткізеді.

«Авангард» (Омск) — «Барыс» (Нұр-Сұлтан) 4:1 (0:0, 2:0, 2:1)

1:0 — Найт (Прохоркин, Толчинский), 32:45 (5х4)

2:0 — Емелин (Толчинский, Найт), 39:53

2:1 — Михайлис (Старченко, Данияр См.), 49:37

3:1 — Береглазов (Толчинский, Найт), 50:38

4:1 — Дергачёв (Каски, Найт), 58:55 (5х4)

Қақпашылар: Грубец — Бояркин

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!