
Бүгін, 23 ақпан күні, қазақстандық «Барыс» ХК Құрлықтық Хоккей Лигасы аясында қонақтағы кезекті матчын өткізеді
Юрий Михайлис шәкірттері Казаньда жергілікті «Ак Барспен» күш сынасады. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 17:30-да басталады.
Матчты Qasport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Қазіргі сәтте «Ак Барс» 87 ұпаймен Шығыс конференциясында бірінші орында, ал «Барыс» 66 ұпаймен сегізінші орында келе жатыр.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.