«Барыс» қатарынан үшінші матчта жеңіске жетті

Ернар Ламкадыров
26.11.2021
09:12
Новость
Хоккей

«Барыс» кеше Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Торпедо» (Нижний Новгород) командасына қарсы өткізді.

«Барыстың» биылғы турнирдің соңғы алты кездесуінің екеуінде жолы болды, қалғанында қарсыластарына есе жіберіп қойды. Сондықтан елордалық команда үшін әрбір ойынның маңызы артып тұр.

Ойынның 4-минутта «Барыс» сапынан Коди Куник есеп ашса, 13-минутта Якоб Лилья есепті үстемелей түсті.

Екінші кезеңнің 15-минутында қазақстандық командадан Линден Вей көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Одан кейін «Торпедо» сапынан Артём Михеев 34, Зият Пайгин 44-минуттарда мергендігімен танылды. Ал Якоб Лилья 46-минутта қайтадан «Барыстың» басымдығын арттырды.

Кездесуде «Барыс» қарсыласын 4:2 есебімен сүріндірді. Осылайша қатарынан үш мәрте жеңіске жетті.

Айта кетсек, екі команда арасындағы соңғы алты кездесудің төртеуінде қазақстандық клуб жеңіске жетті.

«Барыс» енді келесі ойынын 27 қарашада елордада Ресейдің «Витязь» (Подольск) командасына қарсы өткізеді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!