«Барселона» жеті ойыншымен қош айтысуға дайын

Наурызбай Сатжанов
10.06.2021
12:54
Новость
Футбол
«Барселона» жеті ойыншымен қош айтысуға дайын

Каталондық грандтың сапында құрамды жаңарту жүріп жатыр. Sport.es басылымының хабарлауынша, Барселона жалақы қорын үнемдеу мақсатында команда құрамындағы керексіз ойыншыларды сатып, жаңа ойыншыларға орын босатуға шындап кірісті.

Дереккөздің мәлісетіне сүйенсек, жеті ойыншы сатуға қойылды. Олардың қатарында Карлес Аленья, Мартин Брайтвейт, Хуниор Фирпо, Миралем Пьянич, Филиппе Коутиньо, Самуэль Умтити мен Матеус Фернандес бар.

Аленьяға Вулверхэмтон, Валенсия, Гранада және Хетафе қызығушылық танытуда. Фирпо Интерге немесе Миланға кетуі мүмкін, ал Пьянич болса Ювентусқа қайта оралуы мүмкін.

Умтити мен Брейтуэйт Барселонадан кеткісі келмейді, Матеустің жағдайы не болары әзірге белгісіз, ал Коутиньоның болашағы жайлы ол жарақатынан айыққаннан кейін белгілі болады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.