Бақтиер Зайнутдинов Қазақстан құрамасындағы 20-шы матчын өткізді

Ернар Ламкадыров
13.10.2021
17:40
Новость
Футбол

23 жастағы мәскеулік ЦСКА клубының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов Финляндияға қарсы кездесуде (0:2) Қазақстан құрамасындағы  20-шы кездесуін өткізді, деп хабарлайды KazFootball.kz тілшісі.

Тараз футболының тәрбиеленушісі Қазақстан құрамасындағы дебютін 2018 жылы 23 наурызда Будапештте Венгриямен болған жолдастық кездесуде (2:3) жасады. Ол негізгі құрамда шығып, 10 минуттан кейін алғашқы голын соқты.

Зайнутдинов осы уақыт аралығында 8 гол соғып үлгерді. Ол Қазақстан құрамасындағы үздік сұрмергендер тізімінде үшінші орында тұр.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!