«Бұрын-соңды болған емес». Конькишілердің бас бапкері құрамадағы бәсекелестік туралы

Маргулан Жакып
14.10.2021
16:07
Новость
Другие

Конькимен жүгіруден Қазақстан командасы елордада «Алау» мұз айдынында жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Бас бапкер Дмитрий Бабенко олимпиадалық маусымдағы басты мақсаттар мен өзгерістер туралы тарқатып айтып берді, деп жазады Olympic.kz. 

«Біз көптен күткен жиын «Алау» мұз айдынында өтіп жатыр. Осыған дейін ұйымдастыру мәселелерін шештік. Енді алаңсыз мұзда жаттығудамыз. Қуанышқа қарай, дайындығымызға ештеңе кедергі болған жоқ. Жаттығу жиыны жаздан бері еш үзілместен, 100 пайыз жоғары деңгейде өтті. Енді алдағы жарыстарды асыға күтіп жүрміз. Спортшылар да жарақаттан дін аман, тас-тұйнақ дайын отыр.

Алда бізді үлкен сынақ күтіп тұр. Өткен маусымдағы әлем кубогі кезеңдерінің қорытындысы бойынша біз әр қашықтыққа төрт квотадан алдық. Бұрындары біз екі квотамен шектелуші едік. Енді біздегі бәселестік те күшейіп келе жатыр.

Әлем кубогі кезеңіне қатысу үшін құрама командада бір орынға 7-8 адамнан таласады. Яғни, ешкім құрамадағы орны үшін нық сеніммен жүрген жоқ. Бәрі де командадағы орны үшін күш салады. Мұндай іріктеу бізде бұрын-соңды болған емес», — дейді бас бапкер. 

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!