«Бұл туралы ойлағым да келмейді». «Стяуа» қожайыны «Шахтермен» өтер ойын алдында пікір білдірді

Маргулан Жакып
21.07.2021
15:31
Новость
Футбол

Румыниялық ФКСБ («Стяуа») қожайыны Джиджи Бекали Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңі аясында өтетін қарағандылық «Шахтерға» қарсы ойын алдында пікір білдірді.

«Бұл футбол матчы, қазір футбол матчында ешкім күтпеген жағдайлар да орын алады. Әрине, біз фаворитпіз. Егер бұл турдан өтпесек, сіз менің бұл туралы ойлағым келмейтінін де түсініп тұрсыз.

Егер іріктеуден өтсек, бұл біршама ақша әкеледі. Тіпті 10 миллионға да жете аламыз. Жеңіс үшін 500 мыңның шамасында», – деп келтіреді Бекалидің сөзін «Digisport». 

Естеріңізге сала кетсек, қос ұжым арасындағы алғашқы кездесу Бухарестте 23 шілде күні өтеді. Ойын елорда уақытымен 00:30-да басталады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.