Қазақстандық жеңіліс көрмеген боксшы алғаш рет WBO European белбеуін қорғайды

Маргулан Жакып
24.11.2021
20:44
Новость
Единоборства

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Заурбек (11-0, 7 КО) алғаш рет WBO European Super Featherweight title атағын қорғайды.

Заурбек 11 желтоқсан күні Алматыда өтетін бокс кешінде британиялық Райан Уиллермен (16-1-1) жұдырықтасады. Он раундқа жоспарланған жекпе-жекте қазақстандыққа тиесілі WBO European белбеуі сарапқа салынады. Заурбек бұл белбеуге соңғы жекпе-жегінде тағы бір британиялық Ронни Кларкты жеңу арқылы қол жеткізген еді.

Естеріңізге сала кетсек, аталған бокс кешінің басты жекпе-жегінде Қамшыбек Қоңқабаев пен британиялық Стивен Уорд кездесіп, WBO Gold белбеуін сарапқа салады. 

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Теги:
Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!