ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Қазақстандық жас теннисші Masters рейтингінде көш бастады

Tennis Europe (TE) ұйымы биыл күзде Монте-Карлода өтетін Junior Masters турнирі қарсаңында жаңартылған рейтингті жария етті, деп хабарлайды Olympic.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заңғар Нұрланұлы 14 жасқа дейінгілер арасында 355 ұпаймен көш бастап келеді. Өткен аптада Химкиде Александр Островский атындағы академия кортында З.Нұрланұлы TE Super category Christmas Cup 2022 турнирінде жартылай финалға дейін жетіп, тартысты матчта болгариялық Иван Ивановқа есе жіберді. Қазақстаннан ТОП-100-ге сондай-ақ Демид Горбачев (58-орын), Даниэль Тазабеков (69) кірді.

Junior Masters – 14-16 жастағы Еуропа теннисінің үздік сегіз ойыншысы (қыздар мен ұлдардан) қатыса алатын ірі спорттық шара. Жарыс күзде Монте-Карлоның атақты корттарында өтеді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!