Қазақстандық теннисшілер жұбы Париждегі АТР турнирінің финалына өтті

Наурызбай Сатжанов
10.06.2021
18:26
Новость
Теннис
Қазақстандық теннисшілер жұбы Париждегі АТР турнирінің финалына өтті

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик пен еліміздің төртінші ракеткасы Андрей Голубев жұбы Франция астанасында өтіп жатқан АТР Ролан Гаррос турнирінің жұптық сынының финалына жолдама алды.

Қазақстандықтар жартылай финалда  испандық теннисшілер Пабло Андухар мен Педро Мартинесті үш сет қорытындысы бойынша 2:1 есебімен ұтты. 

Александр Бублик/Андрей Голубев (екеуі де — Қазақстан) — Пабло Андухар/Педро Мартинес (екеуі де — Испания) — 2:1 (1:6, 6;4, 6:4) 

1 сағат 45 минутқа созылған матчта қазақстандық жұп 8 эйс жасады, доп беруде 2 рет қос қателік жіберді және 2 брейк-пойнттың екеуін де өз пайдаларына шешті. Ал Андухар мен Мартинес ойын барысында бір де бір эйс жасай алмады, допты ойынға қосу кезінде 4 рет қателесті және мүмкін болған 6 брейк-пойнттың үшеуін жүзеге асырды. 

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.