Қазақстандық теннисші Сиднейдегі турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Аустралияда өтіп жатқан Sydney Tennis Classic турнирні жұптық сынының финалына жолдама алды.

Данилина мен бразилиялық Беатрис Хаддад Майя 1 сағат 50 минутқа жалғасқан кездесуде бір эйс жасап, мүмкін болған жеті брейкпойнттың төртеуін іске асырып, жапониялық жұпты тізе бүктірді.

Анна Данилина / Беатрис Хаддад Майя (Қазақстан / Бразилия) — Сюко Аояма / Ена Шибахара (Жапония) — 2:1 (6:4, 6:7, (2:7), 10:6)

Данилина мен Беатрис финалда Вивиан Хайзен (Германия) мен Панна Удварди (Венгрия) жұбына қарсы тұрады. Кездесу 15 қаңтар күні елорда уақытымен 06:00-де басталады деп жоспарланған.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
;