Қазақстандық теннисші Египеттегі турнирдің алғашқы кезеңінен сүрінбей өтті

Ернар Ламкадыров
25.11.2021
12:47
Новость
Теннис

Қазақстандық теннисші Екатерина Дмитриченко Каирде өтіп жатқан ITF сериялы турнирінің алғашқы кезеңінде екі күн ішінде екінші мәрте Словакия өкілі Барбара Матусованы жеңді. 

Жүлде қоры 15 мың долларды құрайтын турнирдегі Дмитриченко мен Матусова арасындағы алғашқы кездесу сейсенбі күні жұптық сайыстың бірінші кезеңінде өтті. Дмитриченко неміс қызы Антония Шмидтпен бірге, ал Матусова корт қожайыны, мысырлық Абдель Альхусейнмен дуэтте өнер көрсетті. Екі сағатқа жуық Бұл кездесу қазақстандық-германиялық жұптың жеңісімен, 6:2, 7:6 есебімен аяқталды. 

Дмитриченко/Шмидт жұбы ширек финалға шығып, қытайлық қыздар Чжунгу Ли және Юми Жумамен сайысқа дайындықты бастап кетті. Бүгін кешке Каирде жұптық сайыстың ширек финалы өтеді. Сондай-ақ сәрсенбі күні Дмитриченко жекелей сында тағы да Матусовамен кездесті. Әлемнің 788-ракеткасы алтыншы нөмірмен өнер көрсетті және осы кездесудің фавориті болды. Себебі қазақстандық теннисші қыз рейтингте 915-орында тұр. 

Оған қоса сәуір айында Каирде өткен ITF сериялы турнирде Матусованы үш кезеңде 6:4, 6:7, 6:1 есебімен жеңді. Бұл жолы Дмитриченко Словакия өкілін мерзімінен бұрын жарысты аяқтауға мәжбүрледі. Бірінші сет 0:6 есебімен Екатиринаның пайдасына аяқталды. Екінші сетте қазақстандықтың пайдасына есеп 2:1 болғанда Мутусова ойынды жалғастырудан бас тартты. Дмитричиенко екінші айналымда италиялық Франческа Пейспен шеберлік байқасады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Теги:
Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!