Қазақстандықтар теннистен Азия біріншілігінің финалына шықты

Ернар Ламкадыров
26.11.2021
12:38
Новость
Теннис

Қазақстан ұлдар мен қыздар құрамасы «Дәулет» теннис орталығында 12 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан Азия командалық біріншілігінің (ITF Asian 12&Under Team Championships 2021) финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, еліміздің қос құрамасы алғаш рет финалға қатар шығып отыр. Соңғы үш жылда қазақстандық ұлдар қола жүлдені қанағат тұтқан еді.

Бұл жолы Өзбекстанмен өткен жартылай финалдық матчта қазақстандықтар жеңіске деген жігерлерін таныта білді.

Командаға алғашқы ұпайды Родион Трайгель салды. Ол үш сетке созылған бәсекеде Алан Зинатулинді ұтты – 6:1, 1:6, 6:1.

Нұр-Сұлтан ұлттық теннис орталығының түлегі Ярослав Пшеничныйдың Акмаль Абдуллаевпен кездесуі де тартысты өтті. Бірінші партияда брейк жасаған Ярослав сол басымдылығынан айырылған жоқ. Ол екінші сетте де есеп 6:5 болған мезетте шешуші брейкті жасай білді – 7:5.

Жұптық матч ешқандай рөл ойнамағандықтан, қазақстандықтар күштерін сақтау үшін кортқа шыққан жоқ.

Қазақстандық ұлдар финалда Пәкстан құрамасымен бас жүлдені сарапқа салады. Оларды топтық бәсекеде 2:1 есебімен ұтқан болатын. Қазақстандық қыздар өз тарихында екінші рет Азия командалық біріншілігінің финалына шықты.

Жартылай финалда қыздар Өзбекстан құрамасынан 3:0 есебімен басым түсті. Эвелина Балаганская Кира Кимді 6:1, 6:3 есебімен жеңсе, Ева Корышева Эмилия Кимді қапы қалдырды – 6:1, 6:0. Жұптық сында да олар қарсылас шыдатқан жоқ.

Финалда қазақстандық қыздар Үндістанмен сынға түседі. Топтық бәсекеде оларды 2:1 есебімен жеңген болатын.

Қыздар 2019 жылғы чемпиондық атағын қорғайтын болады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Теги:
Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!