Выбор пользователей
Первый букмекер
Лучшие коэффициенты
Выбор редакции

Қазақстандық қорғаушы «Ахматпен» Ресей Кубогының жартылай финалына шықты

Наурызбай Сатжанов
08/04/2021
10:46
Новость
Футбол

Құрамында Қазақстан құрамасының қорғаушысы Марат Быстров ойнайтын «Ахмат» футбол клубы футболдан Ресей Кубогының жартылай финалына жолдама алды.

Ширек финалда грозныйлық клуб өз алаңында «Уфаны» қабылдады. Кездесу алаң иелерінің пайдасына 1:0 есебімен тәмамдалды. 55-ші минутта соғылған жалғыз голдың авторы ресейлік жартылай қорғаушы Евгений Харин болды.

Быстров алаңға негізгі құрамда шықты. Ойынның үшінші минутында дөрекі ойнағаны үшін сары қағаз алды. 

28 жастағы қазақстандық футболшы грозныйлық командаға өткен жылдың тамызында шымкенттік «Ордабасыдан» ауысқан болатын.

Читайте Metaratings , чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.