Қазақстандық маман баптайтын еуропалық клуб Чемпиондар лигасында жеңіліске ұшырады

Маргулан Жакып
21.07.2021
11:02
Новость
Футбол

Қазақстандық маман Владимир Чебурин баптайын литвалық «Жальгирис» Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчында жеңіліс тапты.

Венгриялық «Ференцварошпен» өткен қонақтағы алғашқы ойында Чебурин мырзаның командасы жауапсыз екі гол жіберіп, есе жіберді.

Чемпиондар лигасы. 2-ші іріктеу кезеңі

«Ференцварош» (Венгрия) – «Жальгирис» (Литва) 2:0 (2:0)

Голдар: Узуни (25), Нгуен (39)

Соғылмаған пенальти: Узуни (90+2 – қақпашы қайтарды)

Қос ұжым арасындағы қарымта кездесу 27 шілде күні Литвада өтеді. Ал аталған жұптан оза шыққаны үшінші раундта чехиялық «Славия Прага» командасына қарсылас атанады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.