Қазақстандық каратешілер Париждегі лицензиялық турнирде бақ сынайды

Наурызбай Сатжанов
11.06.2021
12:05
Новость
Единоборства

Бүгін, 11 маусым күні Парижде каратеден лицензиялық жарыс басталады, деп хабарлайды Olympic.kz. Төрт жылдықтың басты бәсекесіне жолдама үлестірілетін додаға Қазақстан құрамасының мүшелері де қатысады. 

Аталған жарыста әлемнің 98 елінен барлығы 495 спортшы бақ сынайды. Қазақстан құрамасынан аталған додаға қатысатын спортшылар: 

1.Лия Кошкарбаева - Ката (техникалық жаттығу) 

2. Мөлдір Жаңбырбай (55 кг) 

3. Сабина Захарова (61 кг) 

4. Софья Берульцева (+61 кг) 

Ерлер: 

1. Мади Катешов 

2. Нұрқанат Ажиканов (75 кг) 

3. Данияр Юлдашев (+75 кг) 

Айта кетерлігі, жарыстың алғашқы күнінде әйелдер 55 кг, ерлер 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтайды.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.