Бұл күндері Алматыда гандболдан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионты өтіп жатыр. Құрлық додасында қазақстандық спортшылар екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Бірінші кездесуде қазақстандықтар Таиланд құрамасын 28:20 есебімен жеңді.
Екінші ойында біздің команда ирандықтарды 30:24 есебімен ұтқан.
Келесі кездесуде Қазақстан командасы үндістандықтарға қарсы ойнайды. Турнир 14 наурызға дейін жалғасады.
Айта кетелік, бұл бәсеке 2022 жылғы әлем чемпионтына іріктеу саналады.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.