Выбор пользователей
Первый букмекер
Лучшие коэффициенты
Выбор редакции

Қазақстандық футболшы шетелдік клубтағы алғашқы голын соғып командасына жеңіс сыйлады

Наурызбай Сатжанов
24/02/2021
11:08
Новость
Футбол
Қазақстандық футболшы шетелдік клубтағы алғашқы голын соғып командасына жеңіс сыйлады

Құрамында қазақстандық жартылай қорғаушы Александр Меркель ойнайтын «Әл-Фейсали» командасы Сауд Арабиясы чемпионатының 20-шы турындағы ойында сырт алаңда турнир көшбасшыларының бірі «Аль-Иттихадпен» кездесті.

Алаң иелері ойынның 28-ші минутында есепте алға шықты, бірақ «Әл-Фейсали» 73-ші және 82-ші минуттарда екі гол соғып кездесудің тағдырын өз пайдасынашешіп кетті. Меркель алаңда толықтай 90 минут ойнады және 93-ші минутта гол соқты. Қазақстандық ойыншының бұл «Әл-Фейсалидегі» алғашқы голы.

«Әл-Фейсали» 26 ұпай жинап турнир кестесінде 10-шы орынға көтерілді. «Әл-Иттихад» болса, 32 ұпаймен 4-ші орында тұрақтаған.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Поделиться:

Рейтинг: 0