Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады

Ернар Ламкадыров
13.10.2021
14:29
Новость
Единоборства

Кәсіпқой мансабында жеңіліп көрмеген қазақстандық былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады. Спортшы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазба қалдырды. 

«Менің өзгеше екенімді барлығы біледі. Менің стилім бөлек. Қазақша стиль – әлемдегі ең күштісі. Мен оны 5 қарашада көрсетемін», – деп жазды боксшы Twitter-дегі парақшасында. 

Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы – франциялық боксшы Хассан Ндам Нджикаммен (38-5, 21 КО). Кездесу 5 қарашада АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді. Жекпе-жек он раундқа жоспарланған. 

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!